Экстремистік әрекеттері үшін күдікті адамдарды ұсталды

12.07.2024
Опубликовано в Истории

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жедел қызметкерлер террористік әрекеттерге қатысуға , терроризмді насихаттауға, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруға және осы мақсатта адамдарды тартуға күдікті ретінде Қазақстанның 4 азаматын мен 1 шетелдікті ұстады және қамауға алды.

Олардың тұрғылықты жерлерінен көптеген діни-экстремистік әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Айта кету керек, күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысып, ол үшін Қазақстанда сотталған болатын.

Тағы екеуіне қатысты "ауыр" есірткіні үнемі қолданғаны туралы ақпарат тексерілуде.

Қылмыстық кодекстің 256, 257, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі