Қазақстан шекарасында 84 шетелдік ұсталды

02.09.2024
Опубликовано в Истории

ҰҚК Шекара қызметі тамыздағы іс-қимыл нәтижелерін жариялады.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы тамызда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: шекара кеңістігінде 4 985 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған адамды ұстады, оның ішінде:

  • 36 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
  • 48 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 746 заңсыз алып өту дерегінің алды алынды, соның ішінде:

  • 48 – есірткі заттары;
  • 103 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (11 түрлі мылтық пен тапанша, 99 бірлік суық қару, 464 оқ-дәрі);
  • 27 – діни әдебиет (492 дана);
  • 664 – жалпы сомасы 108 миллион теңгеден асатын жанар-жағар май материалдары (107 000 литрден астам);
  • 729 – жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  • 175 – жалпы сомасы 1,6 миллиард теңгеден астам валюта.

Каспий акваториясында 9 браконьерлік дерегінің алды алынды:

  • 7 дана жүзу құралдары;
  • 8,3 шақырым болатын браконьерлік аулау құралдары;
  • 14 дана (50,5 кел) бекіре тұқымдас балықтар;
  • 311 дана (716 келі) ұсақ тұқымдас балықтар;
  • 38 дана су тасбақасы.

"Алды алынған залал сомасы 19,4 миллион теңге болады. Бұл деректер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді", — делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Сурет: Tengrinews.kz