Еуропада тұмау мен коронавирус тарап жатыр
09.01.2024 "Қарт құрлықта" коронавирус пен тұмау тарап жатыр. Сондықтан Еуропадағы аурулардың алдын алу және бақылау орталығы тұрғындарға науқастанса үйде қалуға кеңес берді. |
Аймақтық ұйым көпшілік жиналған жерлер мен денсаулық сақтау мекемелерінде маска тағу мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.
Ал Испанияның Каталония, Валенсия сияқты бес провинциясының ауруханалары мен клиникаларына маскасыз кіруге тыйым салынған, деп жазады qazaqstan.tv.
Италия болса, респираторлық аурулар мен ковид жұқтыру фактілерінің рекордтық деңгейге жеткенін мәлімдесе, Португалия тұмау эпидемиясын бастан кешіп жатқанын мойындады.
Коронавирус пен маусымдық аурулар әлемнің өзге бөліктерінде де өршіп, АҚШ-тың төрт штаты халықты маска тағуға міндеттеп отыр.