Алматыдағы апат: Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды

25.12.2023
Опубликовано в Курсив Research

Үш адамның өліміне әкеп соқтырған жол апатына жолаушының жол ақысын төлемеуі себеп болған.

Айта кетейік, үш адамның өліміне әкеп соқтырған жол апатына жолаушының жол ақысын төлемеуі себеп болған. Ол жүргізушімен жанжалдасып, бірнеше рет ұрған. Салдарынан жүргізуші есінен танып, басқарусыз қалған қоғамдық көлік жолда такси тоқтатып тұрған және аялдамада автобус күткен бір топ адамды қағып, 4 бірдей көлікке соғылған.

Апаттан 3 адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жарақат алғандардың арасында 15 жастағы бала бар. Жүргізушіге қол жұмсаған адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды.

"Көпірдің үстінде кетіп бара жатқанда есікті ашуымды талап етті. Аялдамасын өткізіп алыпты. Мен келесіде шығасың, деп жүруді жалғастырдым. Екі рет ұрды. Содан есімнен танып қалдым", деді автобус жүргізушісі.

Сурет: скриншот