Семейде тағы да сауда үйі өртенді

19.02.2024
Опубликовано в Курсив Research

Өрттің себебі әлі белгісіз.

Бүгін 13:51 "101" пультіне "Бирюса" сауда үйінде өрт болғандығы туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде қатты түтін байқалды.

"Барлау буыны дереу құрылып, нысанды зерттеуге кірісті.Барлау барысында аспалы төбенің жанып тұрғаны және қатты түтін бар екендігі анықталды", — делінген хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамның 16 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт 14 сағат 26 минутта оқшауланды. Өрттің алдын ала ауданы 15 ш. м. құрайды.Өрттің себебі анықталуда.

Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі