Астанада жылу тарифі төмендетілді

15.03.2024
Опубликовано в Курсив Research

«Астана-Теплотранзит» АҚ-ның жылу тарифі төмендетілді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Астана-Теплотранзит» АҚ-ның қызметін талдау барысында, көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюына байланысты негізсіз алынған табыс түріндегі, сондай-ақ субъектінің теңгерімінде жоқ нысандарға бағытталған тарифтік смета шығындарын заңсыз пайдалану бөлігінде бұзушылықтар анықталды.

Нәтижесінде, ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы негізсіз алынған табысты қайтару бөлігінде, «Табиғи монополиялар туралы» заңға сәйкес ден қою шараларын қабылдады.

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, тұтынушылардың жалпы сомасы 3 149 711 000 теңгеге құқықтары қалпына келтірілді.

Қабылданған шаралар түпкілікті тұтынушы үшін жылу тарифінің 8 % — ға төмендеуіне алып келді.

Осылайша, ТМРКД табиғи монополиялар субъектілерінің табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді.