Қазақстанның төрт қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

14.06.2024
Опубликовано в Ресурсы

Еліміздің бірнеше аймағында ауаның ластануы күтіледі.

"2024 жылғы 14 маусымда Ақтөбе, Қостанай , Петропавл, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", — делінген хабарламада .

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сурет: depositphotos.com