Жаңа жылдан бастап зейнетақы аударымдарына өзгерістер енгізіледі
12.11.2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті және кәсіби зейнетақы жарналарын төлеу тәртібіне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді, деп хабарлайды LS.
Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды .
Құжатта БЖЗҚ аударымдарды реттейтін нормалар нақтыланып отыр. Енді міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу кезінде Салық кодексінде көрсетілген барлық айлық табыстар есепке алынады. Дегенмен, Салық және Әлеуметтік кодекстің жеке баптарында көрсетілген кейбір төлемдер аударымдардан босатылады.
Енді "платформалық жұмыспен қамтылу" деген жаңа ұғым пайда болды: интернет-платформалар мен қосымшалардың операторлары өз платформасы арқылы жұмыс істейтін адамдар үшін зейнетақы жарналарын төлейтін болады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтитындар мен жеке практикадағы адамдар өз зейнетақы жарналарын өздері төлей алады – табыс түскен айдан кейінгі 25-іне дейін.
Зейнетақы жарналары бойынша 6 АЕК-тен (23 592 теңге) артық қарыз пайда болса, салық органдары агенттерге ескерту жібереді. Егер 10 жұмыс күні ішінде төлем жасалмаса, банктік шоттардағы операциялар уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Бұған дейін, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова БЖЗҚ-нан қаражат алу мәселесіне пікір білдіріп, зейнетақы қорында қалған қаражат Қазақстан азаматтарының зейнеткерлік жаста лайықты өмір сүруі үшін жеткіліксіз болуы мүмкін екенін ескертті.



















