Абай облысында қоғамдық орынды ластаған 1300-ден астам азамат жауапкершілікке тартылды

08.04.2025
Опубликовано в Жизнь

Құқықбұзушылықтар Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тіркелуде.

Жыл басынан бері 1316 адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы — "Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды .

Құқықбұзушылықтар Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тіркелуде. Бақылау жүйелері аулаларда, жол бойында, аялдамалар мен тұрғын үйлердің маңында орнатылған. Камералардың көмегімен полиция қызметкерлері құқықбұзушыларды жедел анықтап, тиісті шара қолдануда.

"Бейнебақылау жүйелерін пайдалану бізге құқықбұзушылықтарды тіркеп қана қоймай, олардың алдын алуға да мүмкіндік береді. Азаматтарды тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға құрметпен қарауға шақырамыз", – деп атап өтті Абай облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әсет Өтепов.

Полиция қызметкерлері қаладағы тазалық әр тұрғынның саналы әрекетіне байланысты екенін еске салады.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі