Облыста суға шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында кезекшілік ұйымдастырылды
12.06.2024Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
«Халыққа түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу қажет. Әсіресе, жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы керек. Сонымен қатар, алдағы қысқы маусымға дайындық туралы да ұмытпағанымыз жөн. Біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және кез келген сын-қатерлерге дайын болу», — деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Республикалық маңызы бар автожолдар учаскелерін күтіп ұстау бойынша «КАЖсервис» ЖШС қызмет көрсетеді. Абай облысында жеті жол-пайдалану учаскесі, жалпы саны 293 адам жұмыс істейтін 15 жол-пайдалану пункті бар. Қыс мезгіліндегі жұмыстарды орындау үшін 90 бірлік техника бар. Облыстық маңызы бар автожол учаскелерін күтіп ұстауды «Семей жолдары» ЖШС атқарады. Олар қысқы жұмыстарға жалпы саны 120 адам және 80 техника бірлігі бар үш қосалқы мердігер ұйымды қамтиды.
Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларына қала және аудан әкімдерімен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар нысандар мен көлік инфрақұрылымының дайындығын бақылау тапсырылды. Сондай-ақ, аймақ басшысы барлық жөндеу, дайындық жұмыстары мерзімінде аяқталуы тиіс екендігін атап өтті.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі