Бүгін декларация тапсырудың соңғы күні
16.09.2024
Опубликовано в
Ресурсы
Бүгін 250 және 270 формасы бойынша декларацияларды тапсыру мерзімі аяқталады.
qazaqstan .tv телеарнасында жарияланған материалда, ел бойынша 300 мыңға жуық адам өз есебін тапсырмағанын Қаржы министрлігі хабарлаған болатын.
Салық есебін "egov.kz", "e-Salyq Azamat", "eGov mobile" арқылы тапсыра аласыз.
Салық декларациясын бизнесмендер, заңды тұлға құрылтайшылары мен жұбайлары тапсырады.
Салық органдары алдымен ескерту береді, оны елемеген жағдайда 5 АЕК, яғни 55 мың 380 теңге көлемінде айыппұл салынады.