«Ажырасып кеттім»: Белгілі блогер шындығын айтты

09.10.2023
Опубликовано в Инвестиции

Танымал блогер Елдос Қадірханов күтпеген мәлімдеме жасады.

Ол бұл туралы желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

«Қазір тек бір сұрақ. Колобок ажырасып кетті ме? Ай, заман-ай. Өзінің емес біреудің өмірі қызық болып тұрады ғой. Жасыратын несі бар, мойындаймын. Иә, ажырасып кеттім. Қаншама жыл бірге болдық. Қайғы бар, қуаныш бар. Мүмкін ол менің өміріме тым көп болып кетті ме, әлде мен оның өміріне ме? Мен одан жалықтым ба, ол менен жалықты ма? Өкінішке қарай, арамыз суып кетті»,- деді ол.

Әзілкештің айтуынша, ол соңғы уақытта instgram парақшасына мүлде уақыт бөле алмай жүр. Бірақ оқырмандарына қайта қызықты контентімен оралатынын жеткізді.

«Жоқ, Жонушкаммен емес. Сіздермен instagram-да «ажырасып» кеттім. Сіздер мені, мен сіздерді іздеп. 2 айға жоғалып кеттім. Маған сіздер жетпей қалдыңыздар, сіздерге позитив менен жетпей қалды. Мен қайтадан instagram-ға оралдым»,- деді блогер.